iOS MDM құрылғысын басқарудан өшіру

iOS MDM құрылғысын iOS MDM серверінен ажырату үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Жұмыс аймағында, iOS MDM құрылғыларын iOS MDM сілтемесі бойынша сүзгілеңіз.
  3. Өшіру керек ұялы құрылғыны таңдаңыз.
  4. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Жою тармағын таңдаңыз.

Нәтижесінде, iOS MDM құрылғысы жою тізімінде белгіленеді. Ұялы құрылғы iOS MDM серверінің дерекқорынан жойылғаннан кейін басқарылатын құрылғылар тізімінен автоматты түрде жойылады. Ұялы құрылғыны iOS MDM серверінің дерекқорынан жою бір минут ішінде жүзеге асырылады.

iOS MDM құрылғысын ұялы құрылғыдан басқарудан ажырату нәтижесінде барлық орнатылған конфигурациялық профильдер, iOS MDM профилі және iOS MDM профилімен бірге жою параметрі таңдалған қолданбалар жойылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу